424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шудың екі тұрғынынан 12,5 келіден астам кептірілген марихуана табылды

  • 102
Шудың екі тұрғынынан 12,5 келіден астам кептірілген марихуана табылды

Жамбыл облысында  екі тұрғыннан 12,5 келіден астам кептірілген марихуана табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5517 әскери бөлімімен бірлесіп, Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ВАЗ-21015 маркалы автокөлігін тоқтатқан.

«Черныш» атты қызметтік иттің көмегімен автокөлікті тінту барысында жергілікті тұрғындар – 49 және 35 жастағы жолаушылардан екі полиэтилен қапқа салынған, жалпы салмағы 12,5 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.

Хабар 24 телеарнасы