Павлодарлық орманшылар Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққуды құтқарып қалды

Ашығып, әлсіреп қалған киелі құс Железинка ауданынан облыс орталығына әкелінді.

Ветеринарлық клиникада аққуды мамандар тексеріп, әрі қарай Павлодар ауылындағы жараланған аң-құстарды ұстайтын шағын зоопаркке орналастыруға шешім қабылдады. Сұңқылдақ аққуды клиникаға келушілер Даниэль деп атады.