Солтүстікқазақстандық құтқарушылар дайындықтарын пысықтады

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар биік шоқыға көтеріліп, түсе алмай қалған адамдарды құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кедергілерден де өтті, жоғалғандарды да тапты. Жедел-құтқару жасағы кәсіби шеберліктерін осылай шыңдап жатыр. Өзге үшін өз өмірін қатерге тіккен жандар бірнеше күн бойы сүңгуірлік қабілеттерін де көрсетеді. Сыннан сүрінбей өткендері сәтін салса қыркүйек айында Алматы облысында өтетін республикалық жиында бақ сынамақ.

Әлихан Ислам, облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы:

– 15 шақырымды жүріп өттік. Жарақаттанған адамдарды шығардық. GPS арқылы нүктелерді таптық. Барлық жағынан өзімізді дамытуға дайындалып жатырмыз.