Контрабандалық тауарлар қай елдерден келеді?

Елге жеткізілетін контрабандалық тауарлар азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Антиконтрафакт-2021» форумына қатысқан мамандар осылай дейді. Сөздеріне сенсек, соңғы 5 жылда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде 80 миллионға жуық осындай заңсыз тауар табылған. Дені – ойыншық, сосын кеңсе тауарлары мен киім-кешек.

Ғалия Жолдыбаева, Еуразиялық экономикалық комиссияның департамент директоры:

– Контрабандалық тауарлар көбіне Оңтүстік-шығыс Азия елдерінен, Қытайдан және Түркиядан жеткізіледі. Әсіресе, киім-кешекті шекарадан заңсыз жолмен алып өтетіндер көп. Контрабандалық жолмен жеткізілген тауарларды пысықайлар интернет арқылы сатып жатыр. Оны да ескеру керек.

Сондай-ақ...