423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Балақай, жолда абай бол!

  • 143
  • UPD: 23:15, 26.08.2021
Балақай, жолда абай бол!

Елорда көшелерінде жыл басынан бері 300-ге тарта жол апаты болып, 15 адам опат болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында бала да бар. «Назар аудар, балақай!» жедел іс-шарасы осындай қауіптің алдын алуды көздейді. Қазір бас шаһардағы барлық мектепке қатынайтын жолдардың қауіпсіздігі жіті қадағаланып, арнайы белгілер орнатылып жатыр. Полицейлердің айтуынша, жол-көлік оқиғаларына тек көлік тізгіндегендер ғана емес, жаяу жүргіншілер де себепкер. Өйткені тұрғындардың басым бөлігі жолды кез келген жерден кесіп өте береді. Мұның арты әсіресе мектеп жасындағы балаларға өте қауіпті.

Айдана Қалыбай, әкімшілік полиция басқармасы полиция департаментінің аға инспекторы:

– 92 мектеп пен балабақша аумағына тексеріс жүргізілді. Шара барысында 34 жол белгісі, 3 жаяу жүргінші жол жолы және жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнатылды. Жолға сары-ақ түсті белгілер, 200 метрден астам жасанды жол ақаулары орнатылған болатын. 24 мектеп маңында қоршаулар мен тратуарлар жүргізілді.

Найля Досжанова, ювеналды полиция бөлімінің басшысы:

– Балалар жолда жүру ережесін сіз бен бізден үйренеді. Яғни үлкендер балаларға жолда жүру ережелерін үйретіп, үнемі оған үлгі көрсетіп отыру керек. Өкінішке орай, балалардың қатысуымен болатын жол апаты ересек адамдардың кінәсінен болып жатады. Жыл басынан бері елорда жолдарында жүргіншілерге қауіп төндірген 90 мың көлік жүргізушісі анықталып, жазасын алды.

Хабар 24 телеарнасы