Жарылыс кезінде эвакуация жасалған халық үйіне қайтарылуы мүмкін

Тараз түбіндегі жарылыстан 4 адам қаза тапты. Қорғаныс министрі осылай деді.

Бірі сержант Мешінбай Марат Сайлауұлы, екіншісі ефрейтор Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы. Марқұмның екеуі де алғашқы минуттардан бастап әскери бөлімнің өрт сөндірушілер құрамында жүріп, апатты ауыздықтауға тырысқан. Қатты соққыдан Оразбек Дәлібаев та тіл тартпай кетті. Ол қойма күзеті бастығының көмекшісі қызметін атқарған. Ал қаза болған төртінші азаматтың аты-жөні анықталып жатыр. Бұдан бөлек із-түзсіз жоғалғандар да бар. Ауруханаға 88 адам жүгінген. 60 шақтысының жарақаты жеңіл болып, олар үйіне жіберілді. Қазір Тараз қаласының орталық ауруханасында 28 адам жатыр. 6 азаматтың жағдайы орташа ауыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. 

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі: 

- Жарылыс болған жерге жақын орналасқан 3 елді мекен бар. Оның ең жақыны Қайнар ауылы 1 шақырым жерде. Ал қалған екеуінің қашықтығы 5 шақырымды құрайды. Осы үш елді мекенде 718 адам тұрады. Кеше ол кісілердің барлығы басқа жерлерге, яғни біз дайындаған 10 мектепке және 5 колледждің жатақханаларына орналастырылды. Соңында олардан 227 адам қалды. Ал қалғандары ағайын-туысқандарына кетті.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растады. Ал соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Сондай-ақ:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды