Әскери қоймада қандай заттардың жарылғаны белгілі болды

Өрт қойма ғимаратын толық шарпыған. Фрагменттердің ұшу радиусы 2 шақырымға дейін жетті, алдын ала мәлімет бойынша қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған.

Өрт ошағына жақын жерде 3 елді мекен орналасқан, Жібек жолы кенті, Үшбұлақ станциясы және Ботамойнақ ауылы. Халықтың жалпы саны шамамен 1 мыңнан асады. Қазіргі уақытта 710 тұрғын Тараз қаласына эвакуацияланды. 

Соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Сондай-ақ:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды