Қорғаныс министрі апат аумағын бағалады

Қорғаныс министрі жарылыс болған оқдәрі сақталған қоймасын қолмен басқарылатын аппараттар көмегімен бақылап, апаттың ауқымын бағамдады.

Қазір мұндағы өрт аумағы едәуір азайған. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұдан бөлек төтенше жағдайлар министрі мен Жамбыл облысының әкімімен бірге өрттен зардап шеккендердің халін білуге ауруханаларға барды. Әскери қызметшілердің 28-і қазір ем қабылдап жатыр. Оларға медициналық көмек көрсету үшін Тараз гарнизонының әскери госпиталі де жұмылған.

Соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жеттіҚ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды