Жамбыл облысындағы апаттан 49 құтқарушы жараланды

Жамбыл облысындағы апаттан 49 құтқарушы зардап шегіп, медициналық көмекке жүгінді. Оның үшеуі қазір ауыр халде жатыр.

Бұған қоса із-түзсіз жоғалғандар бар. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін Алматы мен Шымкенттен қосымша күш жұмылдырылған. Олар ең алдымен жарылыс аумағындағы қауіпті сейілтуге тырысты. Қазір жағдай бақылауда. Әсіресе авиациялық техникалармен апат аумағы жіті тексеріліп жатыр.

Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Ең алдымен қоймадағы жарылыстан кейінгі өртті сөндіру және жаңа дүмпулердің алдын-алу мақсатын қойдық. Бұған қоса, жақын елдімекендердегі адамдардың қауіпсіздігін бақылауға алдық. Өкінішке қарай, зардап шеккен құтқарушылар бар. Олардың басым бөлігі қазір үйлеріне қайтарылды. Қалғандары да жақын арада өз отбасыларына оралады деген үміттеміз. 

Соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жеттіҚ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Оы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды