Эвакуация пункттерінде 60 адам қалды

Жарылыс кезінде эвакуацияланған ауыл тұрғындары үйлеріне оралып жатыр. Әскери бөлімге жақын орналасқан үш ауылдан 1200-ге жуық тұрғын жедел көшірілген еді. Олардың жеті жүзден астамы мектеп, колледж ғимараттарына орналастырылды. Бас сауғалай қашқан тұрғындар ыстық тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді. Қазір сәл есін жиған жұрттың басым бөлігі үйлеріне қайтқан. Эвакуациялық пункттерде 60-қа жуық адам қалды.

Гүлстан Артықова, Байзақ ауданының тұрғыны:

- Қайда баратынымызды білмей сасып қалдық кеше. Осы жағдай болған кезде. Жақсы келдік бала-шағамызбен. Жақсы жайғастық. 

Бибіхатша Тәшенова, Байзақ ауданының тұрғыны

- Ондарда алып келді. Ауқаты дайын. Азанға дейін скорыйларға дейін давлениемізді өлшеп, тексеріп жатыр. Көтеріліп жүрегіміз ауырып қалды ғой түнде. Үйден шыға алмай қолымызды ұрып та алдық. Енді машинамызбен бала-шаға алып кетеді. Тиыштық болсын! Халқымыз тыныш болса бәрі тыныш болады.

Соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жеттіҚ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды