Әскери қоймадағы жарылыс: алты адамның біреуі палатаға шығарылды

Жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы бір қалыпты. Ауыр халдегі 6 адамның біреуі реанимациядан палатаға ауыстырылды.

Бұл туралы Облыстық денсаулық сақтау басмқармасының басшысы Әсет Қалиев жеткізді. Айтуынша, Реанимацияда жатқандардың жағдайы тұрақты ауыр. Жаралылардың денесін өрт шалып, түрлі дене жарақаты мен миы шайқалған. Қазір барлық ем-шаралар жүргізілген. Зардап шеккендердің арасында балалар мен жүкті әйелдер жоқ.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басмқармасының басшысы:

- Қалалық көпсалалы ауруханаға 28 адам жеткізілген. Барлығының жағдайы бірқалыпты. Ал реанимацияда жатқандардың жағдайы тұрақты ауыр. Олар түрлі дене жарақатын алған. Денесін өрт шалып, миы шайқалған. Барлық ем-шара жүргізіліп жатыр.

Соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды