Жамбыл облысында пойыз жолаушыларына билет құны қайтарылуда

Тараз – Луговаяда қалыптасқан жағдайға байланысты қазіргі уақытта жолаушылар пойыздары қозғалысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тараз – Ақшолақ учаскесінде жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін автобустармен екі бағытқа жеткізу ұйымдастырылды. Мақсат - жол жүру билеттеріне сәйкес жолаушылардың пойызбен баратын жеріне жетуіне көмектесу. Егер сапар үзілген болса, онда жолаушыға жүрілмеген қашықтық үшін сома төленеді. Пойыздардың кешігуі үшін айыппұл төленбейді. Жағдай тұрақталғанға дейін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін Шу, Луговая, Бурное, Тараз, Сарыағаш станцияларында тәулік бойы теміржол билет кассалары жұмыс істейтін болады. Аталған станцияларда жедел желі іске қосылғанын мәлімдейміз. Номерлері экранда көрсетілген.

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды