Арыстағы жарылыс: деректер сөйлейді

Жалпы Жамбыл облысында болғанға ұқсас төтенше жағдай елімізде алғаш рет болып тұрған жоқ.

Еске салайық, 2019 жылдың 24-ші маусымында Арыс қаласындағы әскери қоймада әуелі өрт шығып, көп ұзамай бірнеше жарылыс болған. Ресми ақпарат бойынша 4 адам қаза тауып, тағы ондаған тұрғын жараланған. 40 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қаладағы 8 мыңға жуық тұрғын үй қирады. 26-шы шілдеде әскери қоймадағы жарылыс бойынша айыпталғандарға қатысты сот шешімі шықты. Айып тағылған 16 адамның 12-сі 4-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы төртеуіне шартты жаза кесілді.  Арыстағы апаттан барлығы 1500 адам зардап шекті.  

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растады. Ал соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды