Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетіледі

Жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетіледі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Көмек демеушілер мен жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі. Облыста арнайы комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Оның мүшелері әр елді мекендегі қираған үйлерді тексереді. Шығын көлемі есептеліп, тиісті шаралар қолға алынады. Әскери бөлімге келтірілген залал да есептеледі. Сапарбаевтың сөзінше, зардап шеккен бір де бір тұрғын көмексіз қалмайды. 

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

- Тұрғын үйлерді қалпына келтіруге келсек, таңнан бері Байзақ ауданының 3 елді мекенін аралап шықтық. Алдын ала есеп бойынша үйлердің шатыры, терезе және есіктері сынып қираған.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растады. Ал соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды