Б.Сапарбаев: Қазір жарылыс тоқтады, тұрғындар үйлеріне орала алады

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы орын алған жарылыс зардаптарын жою, келтірілген шығындарды анықтау, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты.

Сондай-ақ 30-дан аса жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған. Барлығы 88 адамға медициналық көмек көрсетілсе, жеңіл жарақат алған 60 адам үйлеріне қайтарылды. Қазіргі таңда №1 Тараз қалалық ауруханасында 28 адам ем алуда. Олардың 6-ның жағдайы орташа ауыр. Өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ.

– Бүгін таңертең науқастарменен кездестік, жағдайларын сұрадық. Дәрі-дәрмек жөнінде ешқандай мәселе жоқ. Жағдайлары тұрақты. Эвокуацияланған тұрғындармен де кездестік. Олар керек-жарақпен, ыстық тамақпен қамтылуда. Қазір жарылыс тоқтады. Тұрғындар үйлеріне орала алады, – деді Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы, кеше теміржол қозғалысы тоқтағандығын, Тараз қаласында қалған екі жолаушылар пойызының жолаушылары үшін 20 шақты автокөлік ұйымдастырылып, тиісті бағыттары бойынша жөнелтілгенін жеткізді.

– Қазір сапёрлар жұмыс істеп жатыр. Теміржолдың барлығы тазартылған соң, қайта тексеріліп, шешім қабылданатын болады. Ал жалпы көліктерге байланысты қазір айналма жол ұйымдастырылған. Жалпы жағдай тұрақты, бақылауда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, барлық зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетіледі. Заңға сәйкес қайтыс болған азаматтардың отбасыларына мемлекеттен көмек беріледі. Зардап шеккен азаматтардың арасында мүмкіндігі шектеулі т.б азаматтар болса, заңға сәйкес көмек көрсетіледі. Зардап шеккен үйлер мен нысандарға келетін болсақ, мамандар 3 елді мекенді аралап шықты. Онда өртенген үйлер, басқа да нысандар тіркелмеген. Тек қана шатырлар, терезелер, есіктер ғана зақымданған. Біз арнайы комиссия құрдық. Қазір олар зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Барлық үйді, нысанды зерделейміз. Заңға сәйкес шешім қабылдайтын боламыз, – деді облыс әкімі.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растадыАл соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды