425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жамбыл облысында қаза болған өрт сөндіру бөлімі бастығының төрт баласы жетім қалды  

  • 177
  • UPD: 22:02, 27.08.2021
Жамбыл облысында қаза болған өрт сөндіру бөлімі бастығының төрт баласы жетім қалды   

Жамбыл облысында әскери нысандағы жарылыстар салдарынан қаза болған өрт сөндіру бөлімі басшысының артында төрт баласы қалды, деп хабарлайды Хабар 24 Tengrinews.kz сайтына ссілтеме жасап.

Еркін Нәдірбеков 42 жаста болған. Ер адамның төрт баласы бар. Ең кішкентайы әлі бір жасқа толмаған.

Жақындарының айтуынша, әскери бөлімде жарылыс болған кезде Еркін Нәдірбеков өрт сөндіру командасын бастап, бірден оқиға орнына барған.

«Ол өрт сөндіру тобын басқарды. Бұл оның тікелей міндеті болды. Мешінбай өрт сөндіруші-жүргізуші болған. Оларда басқа амал болмады. Егер олар оны жоймаса, онда қалған қоймаларда (оқ-дәрілермен) өрт шығуы мүмкін еді. Онда жағдай бұдан да қиын болар еді. Мұны тіпті елестету мүмкін емес», - деп бөлісті марқұм Еркін Нәдірбековтің әпкесі.

Жарылыстар тоқтағаннан кейін туыстары Еркінді іздей бастаған. Бүгін таңертең Нәдірбековтің отбасына ол қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болғаны туралы хабар келді.

Туыстары Еркінге батыр атағы беріледі деп үміттенеді.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 9-ға жеткені айтылған болатын. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.

Осы тақырып бойынша: 

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды

Хабар 24 телеарнасы