423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Н.Ермекбаев оқ-дәрілерді сақтайтын екі база құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

  • 123
  • UPD: 17:33, 27.08.2021
Н.Ермекбаев оқ-дәрілерді сақтайтын екі база құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев лауазымды тұлғаларға оқ-дәрілерді сақтайтын екі базаның құрылысын ұйымдастыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Аталмыш объектілердің құрылысы 2019 жылғы ҚР Қарулы Күштердегі қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін жетілдірудің Кешенді жоспарында қарастырылған.

Объектілердің құрылысы оқ-дәрілерді қауіпсіз сақтаудың барлық жолын ескере отырып ұйымдастырылған. Сондай-ақ, күзеттің техникалық құралдары, бейнебақылау және автоматты өрт сөндіру жүйелері көзделген. Онда Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2020 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес қоймаларды елді мекендерден алшақтату, сондай-ақ арсеналдар мен базалар жанындағы тыйым салынған аймақтар мен аудандардың шекараларын сақтау да ескерілген.

Хабар 24 телеарнасы