Н. Ермекбаев пен Б. Сапарбаев жарылыстан қаза тапқандардың отбасыларына барды

ҚР Қорғаныс Министрі Нұрлан Ермекбаев пен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданында орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілердің отбасыларына барып, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Бұл туралы Хабар 24 өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олар марқұмдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқанын айрықша атап өтіп, олардың отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Осы оқиғалар бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды