Солтүстікте сібір жарасы тіркелді

Солтүстік Қазақстан облысында сібір жарасы тіркелді.

Ақжар ауданы Горьковское ауылының тұрғыны мал сойғаннан кейін өзін жайсыз сезініп дәрігерге қаралған. Зертханалық сараптама қорытындысы бойынша оның індетке шалдыққаны белгілі болды. Қазір науқаспен байланыста болған 60-қа жуық адам бақылауға алынды. Санитар мамандар мал сойылған жерді қоршап, тиісті сынамалар алып кетті.

Айта кетейік, өңірде адамның күйдіргі ауруын жұқтыруы соңғы рет сонау 1994 жылы болған.

Толқын Қаженова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

–Ол кісі жеке шаруашылық серіктестігінің бірінде бір бас қара малды сою кезінде және ұшаны дайындауда көмектескен. Қолында ешқандай резеңке қолғаптары болмаған. Сол кезде жұқтырып алған.