Ақтөбеде ер адам бөтелкелесін пышақтап өлтірді

Ақтөбеде ер адам бөтелкелесін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Хабар 24 Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 24 тамызында Ақтөбе қаласы ПБ-ның 102 жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, Кутуев көшесінде орналасқан үйден жалғыз тұратын туысының мәйітін тапқанын хабарлады. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы шамамен 45 жастағы кеудесінде пышақтың жарақаты бар ер адамның мәйті табылды. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 44 жастағы ер адам анықталды. Ол 22 тамыз күні жәбірленушінің үйінде екеуі ішімдік ішіп, олардың арасындағы жанжалдан кейін, оның марқұмға пышақ салғанын мәлімдеді.

Жиналған дәлелдемелердің жиынтығы негізінде қылмыстық құқық жасаған тұлға ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қаласы УҰИ-не қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.