Соңғы 4 жылда 30 млрд теңгенің контрабандалық тауары қабылданған

Әділет министрлігі заңсыз тауар айналымы саласына тексеру жүргізді. Нәтижесінде контрабандалық өнім саласында 77 миллион теңгеге заң бұзушылық анықталды, деп хабарлады Хабар 24 Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

«Интеллектуалды меншік құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаятты Әділет министрлігі жүргізеді. Министрлік соңғы 5 жылда 900-ден астам тексеру жұмыстарын өткізді. Нәтижесінде контрафактілік өнім саласында 77 миллион теңгеге заң бұзушылық анықталды. Осы орайда Әділет министрлігі құқықтық насихаттау міндетін атқарады. Құзырлы мемлекеттік органдар, әкімдіктер және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен аталған сала бойынша ауқымды іс атқарылып жатыр. Соңғы 2 жыл ішінде 1 мыңнан астам түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды», – деді «Kazpatent» директоры Ербол Оспанов.

Оның айтуынша, контрабандалық тауар айналымының жолын кесуге қатысты халық арасында түсіндіру шаралары өтіп тұрады. Ал Сауда және интеграция министрлігінің дерегінше, Қазақстанға соңғы 4 жылда 30 миллиардтан астам теңгенің контрабандалық өнімі әкелінген.

Сондай-ақ...