425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тараздағы жарылыстар туралы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды

  • 318
  • UPD: 11:12, 28.08.2021

27 тамызда полицейлер инстаграм желісін бақылау кезінде Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімнің аумағында болған жарылыстарды жоюға болмайтынын және оның күші жойқын екенін айтқан бейнежазбаны анықтады.

Оны таратқан Тараз қаласының 26 жасар тұрғыны болып шықты. Сондай ақ көптеген азамат зардап шекті деген ол дене бөліктері жұлынған құрбандар да бар екенін айтып, жар салған . Ол өз ісіне өкінетінін айтып, анықталмаған ақпарат салғаны үшін елден кешірім сұрады.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан 12 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың ішінде әскерилер, құтқарушылар және әскери прокуратура қызметкерлері бар.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды

 

Хабар 24 телеарнасы