Жамбыл облысындағы жарылыс болған аумақта жолдар әлі жабық тұр

Тек арнайы қызмет көліктері ғана өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрлігі осындай хабарлама таратты. Қазір мұндағы ахуал тәулік бойы қадағаланып, жарылыс салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 7 рейс ұйымдастырылып, 3 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оқиға орнында саперлер мен кинологтар жұмыс істеуде. Сауда орындары мен тұрғын үйлер тексеріледі.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды