Жамбыл облысындағы жарылыстардан зақымданған үйлердің барлығы жөнделеді

Сондай-ақ зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Байзақ аймағында болған төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның төрағасы, Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр аймаққа сапары кезінде айтты.

Жандос Жұмабек, тілші:

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Үкіметтік комиссия оқиға орнына барды. Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған құрамында Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрі және ішкі істер, индустрия және инфрақұрылымдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және басқа да орталық мемлекеттік органдардың вице-министрлері бар комиссия бүлінген нысандарды аралап, мән-жайға қанықты. 

Өрт салдарын жоюға бағытталған жұмыстармен танысып, жараланған әскерилер және өрт сөндірушілермен кездесті.

Жарылыс салдарынан 13 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта ауруханада 28 науқас жатыр. Оның бесеуінің жағдайы орташа ауыр. Одан кейін комиссия мүшелері жергілікті тұрғындармен кездесті.

Айта кетейік, аталған комиссияның алдына залалды бағалау және өрт пен жарылыс салдарын жою, зақымдалған инфрақұрылымды қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау, медициналық көмек шараларын көрсету бойынша міндеттер қойылған. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі анықталуда. Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Бірінші кезекте тұрғын үйлер, кәсіпкерлік және инфрақұрылымдық нысандар қалпына келтіріледі. Оқиғаның себебі жедел-тергеу тобымен анықталады.

Қазір өңірдегі жағдай тұрақты. Эвакуацияланған тұрғындардың барлығы үйлеріне оралда.

Айта кетейік, жарылыс кезінде 715 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, төсек-орын, ас-ауқатпен қамтылған болатын.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты. Сондай-ақ 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды