Қорғаныс министрі өртенген қойма аумағын қарап шықты

Қорғаныс министрі Н.Ермекбаев өрттен зардап шеккен қойма аумағын қарап шықты.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Нұрлан Ермекбаев оқиға орынын аралау барысында Төтенше жағдайлар министрімен және Жамбыл облысының әкімімен кеңес өткізді. Онда өрт салдарын жоюға қатысты бірлескен іс-қимылдар пысықталды. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерлері оқдәрі қоймасының аумағын тазартуға кірісті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды