Бекшин оқушылардың ата-анасына үндеу жасады

Жаңа оқу жылында Алматыда 300 мыңға жуық оқушы дәстүрлі форматта оқуға көшеді. Дегенмен, мегаполис әлі де қоңыр-қызыл аймақта.

Соңғы тәулікте Алматыда коронавирус жұқтырған 1506 адам тіркелген. Осыған байланысты қаланың бас санитар дәрігері Жандарек Бекшин ата-аналарға барынша тазалық талаптарын сақтап, балада ауру белгілері байқалған жағдайда тез арада мектеп әкімшілігіне хабарлау қажеттігін айтты. Балаларда дельта штамм іш өту, бас айналу, құсу, және дене қызуының көтерілуі сияқты белгілерден байқалады. Сондықтан бас санитар дәрігер ата-аналарды сақ болуға шақырды. Балаларға адам көп жерде маска тағып, қолдарын антисептикпен жиі тазалап жүруді үйрету керек.

Жандарбек Бекшинің айтуынша, қазіргі уақытта ауру жұқтырғандардың 18 проценті балалар мен жасөспірімдер. Айта кетейік, ата-аналар оқу форматын өзі таңдайды. Егер баласын онлайн оқытқысы келсе, мектеп әкімшілігіне өтініш жазуы тиіс.