Мемлекеттік қызмет сапасы артты

Қызылордада бірыңғай байланыс орталығының кеңсесі ашылды.

Мұнда 100-ден астам оператор қызмет істейтін болады. Әзірге 75 маман «1414» нөмірі бойынша ел тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді алу мәселелеріне қатысты сауалдарына жауап беріп отыр. Ол үшін кең жолақты интернет жүйесі және арнайы құрылғылармен жабдықталған. Операторлардың қызмет сапасын жақсарту мақсатында айлық табысқа үстемақы төлеу қарастырылған. Осының нәтижесінде, егер бұрын бір оператор орта есеппен күніне 62 қоңырау қабылдаса, қазір 133-тұрғынның сауалына жауап беріп үлгереді екен. Осылайша орташа еңбек өнімділік 114 процентке өскен.

Айта кетейік, мұндай біріңғай байланыс орталығы еліміздің 5 өңірінде ашылған.   

Нұрбол Жүсіпов, біріңғай байланыс орталығының маманы:

– Өзіміз үшін сапалы қызмет көрсетеміз. Өйткені қазір үстемақы келісім бойынша болады.  Сол себепті әр қызметкер орташа айлық емес, жоғарғы айлық алу үшін жоғарғы деңгейде қызмет көрсетеді.  

Айнұр Тобаева, «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиал директоры:

–Күніне біздің әр оператор тоқсан қоңыраудан көп қабылдау керек. Сосын оның сапасына да мән берілу керек. Әрбір қоңырауды тексеріп, қадағаланады. Күнделікті оларға сабақ жүргізіледі.