Қаза тапқандардың рухына құран бағышталды

Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыс діні ислам қазақ халқын күйзетті.

Бүгін, жалпыұлттық аза тұту күніне орай, еліміздің барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына бағышталып құранхатым оқылды. Құран хат әр өңірдің жергілікті уақыты бойынша сағат 10-да түсірілген. Халықтың амандығы үшін шейіт болғандарға бағышталған құран хаты елордадағы Әзірет сұлтан мешітінде де оқылды. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ресми әлеуметтік парақшасында құранхатымды бағыштау рәсімі тікелей эфирден көрсетілді.

Ершат Оңғаров, ҚМДБ наиб мүфтиі:

– Еліміз үшін  әскреи қызметте жүрген біздің сардарларымыз , ел қорғап, әскери міндеттерін өтеп, өрт үстінде қаза тауып жатыр. Бұндай қазаны шәриғатта шәйіт дәрежесінде деп санайды.  Өйтикен ол ел қорғау үшін, қоғамның тыныштығын сақтау үшін жандарын пида етті. Бұл Алланың алдындағы үлкен дәреже. Алла осы қаза болғандардың марқұмдардың рухтарын  шаттыққа бөлеп,  мейіріміне бөлеп, ақыретте қиямет күні жандарын жәннатта шалқытсын.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Соңғы дерек бойынша, сол жарылыстардың салдарынан қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылар саны 13 адамға жетті.

27 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай бойынша шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.

Бұған дейін жарылыста қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөні жариялаған болатынбыз.

Бүгін қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілер, жер қойнына тапсырылды.

Әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.