Жамбылдық тұрғыннан бір тоннадай есірткі заты тәркіленді

Жамбылдық полицейлер тұрғыннан 1 тоннадай есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының № 5517 әскери бөлімімен бірлесіп «Қарасора-2021» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы Байзақ ауданының 49 жастағы тұрғынын ұстады», – делінген мәліметте.

Ол азаматтан салмағы 928 каннабис өсімдігі тәркіленген.

«Шу ауданының Тасөткел ауылынан 3 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақты тексеру барысында есірткі заттарын дайындаумен айналысқан жоғарыда аталған азаматтан жалпы салмағы 928 келі каннабис өсімдігі есірткі заты табылып, тәркіленді, сондай-ақ ұсталған азаматты жеке тінту кезінде жалпы салмағы 0,320 гр каннабис шайыры» есірткі заты тәркіленді», – деп толықтырды полиция қызметкерлері.

Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі адам мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.