425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Аза тұту күні: жамбылдықтар өрт сөндіру ғимаратына гүл шоқтарын апарып жатыр

  • 167
  • UPD: 15:28, 29.08.2021
Аза тұту күні: жамбылдықтар өрт сөндіру ғимаратына гүл шоқтарын апарып жатыр

Жамбыл облысында да бүгін таңертеңнен бері жарылыстан көз жұмғандарды еске алу, ерен ерлігіне құрмет көрсету мақсатында өңірдегі саябақ пен өрт сөндіру ғимараттары алдында гүл шоқтарын қою шаралары өткізіліп жатыр. 

ВТВС Telegram арнасында хабарланғандай, қаза тапқандар дәл сол ғимаратта қызмет етіп келген.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Соңғы дерек бойынша, сол жарылыстардың салдарынан қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылар саны 13 адамға жетті.

27 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай бойынша шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.

Бұған дейін жарылыста қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөні жариялаған болатынбыз.

Бүгін қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілер, жер қойнына тапсырылды.

Әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына бағышталып құранхатым оқылды.

Хабар 24 телеарнасы