Жамбыл облысындағы әскери қоймада тарс еткен дыбыс есітіліп, жалын көтерілді

Жамбыл облысындағы әскери қоймада бүгін сағат 12-лер шамасында тарс еткен дыбыс естіліп, артынша жалын көтерілді. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр. 

Жарылыс болған жерде өрт толық сөнген жоқ. Әлі де болуы мүмкін. Арнайы комиссия елді мекендерді аралап жүр. Қазір тұрғындарға жәрдем көрсету үшін құжаттары жинақталып, онымен мамандар айналысып жатыр. Жаңа ғана Байзақ ауданындағы ахуалға қатысты облыс әкімі сұхбат беріп кетті. 

Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі:

– Қазіргі таңда жөндеуді қажет ететін жүз он сегіз жылжымайтын мүлік анықталды. Оның ішінде жүз алтысы тұрғын үйлер. Он екісі комерциялық нысандар бар. Жүз алты тұрғын үйдің ішіндегі отыз бес тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуіміз керек. Қалған жетпіс біріне келген зақымдар күрделі емес. Негізінен барлық қалпына келтірілетін жұмыстар өкіметтен берілетін қаржы есебінен асалады, оған қосымша жергілікті бюджеттен, одан кейін өзіміздің өңіріміздің демеушілерін тартатын боламыз. Бүгінен бастап бір үйдің жөндеу жұмыстарын бастаймыз. Қалған үйдйің жұмыстары арғы күндері басталады. Қиын болып тұрғаны үш азаматтың табылмай жатқаны. Қазіргі таңда ол жерде 180 адам, қырықтай техника жұмыс істеп жатыр. Ол жұмысты жалғастырамыз. Барлық қайтыс болған он адам қазіргі таңда жерленді.

Әкім екі айдың ішінде үйлерді қалыпқа келтіріп береміз деп отыр. Апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа мектеп салынбақ. Аймақтағы ахуалды біліп баяндап тұру үшін жұмысты жалғастырамыз.

Айта кету керек, бүгін таңертең Жамбылдағы мешіттерде төтенше жағдай кезінде шейіт болған азаматтардың рухына бағыштап Құран оқылды. Жұрт аза тұтып, бірақатар шаралар тоқтатылды. Барлық мемлекеттік мекемелерде көк байрақ төмен түсірілді. Сондай-ақ Ата заң күніне орай өтуі тиіс қырықтан астам іс-шара тоқтатылды. 

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

Кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Соңғы дерек бойынша, сол жарылыстардың салдарынан қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылар саны 13 адамға жетті.

27 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай бойынша шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.

Бұған дейін жарылыста қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөні жариялаған болатынбыз.

Бүгін қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілер, жер қойнына тапсырылды.

Әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына бағышталып құранхатым оқылды.