425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Оқ-дәрілер жарылмауы тиіс еді» – Қорғаныс министрлігі

  • 118
  • UPD: 22:47, 30.08.2021

Қорғаныс министрлігі жарылыс кезінде зардап шеккен Алмаз Тұрсыновтың сұхбатына жауап берді. Бұған дейін ол өртті сөндіру кезінде әскери полковник құтқарушыларға оқ-дәрілер жарылмайтынын сендіргенін айтқан, - деп хабарлайды Хабар 24.

Әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник Руслан Жылқыбаев қоймадағы өртті сөндіруге қатысты айтып берді.

 

Руслан Жылқыбаев, әскери бөлім командирінің орынбасары, подполковник:

– Өртенген қоймадағы инженерлік оқ-дәрілер техникалық сипаттамаларына қарай жарылмауы тиіс. Сондықтан әскери бөлімнің өрт сөндіру тобы өртті оқшаулау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, оқиға орнына жол патрульдік қызметінің өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылған. Жарылыстардың себептерін құрамында білікті сарапшылары бар комиссия анықтауы керек. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командасы алғашқы сәттен бастап-ақ өртті сөндіруге кірісті. Қалған жеке құрам жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын көшіруге көмектесті, оқиға аймағын қоршауға, әскери бөлімнің басқа объектілеріндегі күзетті күшейтуге кірісті. Бөлімнің барлық әскери қызметшілері, жалпы саны 100-ге жуық адам аталған оқиға орнына тартылды.

Ал төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушілер тиісті ереже бойынша әрекет етті, оларға қоймада тротил бары ескертілген дейді.

Юрий  Ильин ҚР төтенше жағдайлар министрі:

– Біздің жігіттер тартынып қалмады, өз міндеттерін орындады. Олар оқиға орнына келген кезде тек қою түтін ғана болған. Сондықтан жігіттер өртті сөндіруге кірісті. Ал одан кейінгі қайғылы жағдайдың себебін тергеу тобы анықтайды. Естеріңізде болса, Арыста бірден жарылыс болған. Адамдар қашып үлгерген. Ал мына жерде олай емес, яғни бастапқыда біз алған хабар бойынша жарылыс қаупі болмаған.

Хабар 24 телеарнасы