Тараз қаласында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды

Конституция күніне орай, Тараз қаласында бірнеше әлеуметтік нысан ашылды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында шаһардағы 15-ші мөлтек ауданда 180 пәтерлі 4 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жаңа баспана әр түрлі санаттағы азаматтарға, яғни мұқтаж отбасылар, жетім балалар мен бюджеттік сала қызметкерлері мен әскерилерге табысталды. Жыл басынан бері мұнда 495 азамат баспаналы болса, жыл соңына дейін тағы 170 пәтер ел игілігіне беріледі.

Бұдан бөлек, қалада №16 орта мектеп ашылды. Білім беру мекемесінің негізгі ғимараты 1961 жылы салынған. Әбден ескіргендіктен мектепке қосымша жаңа ғимарат салынған. Енді мұнда 1500 бала білім алады. Бұдан бөлек «Арай» мөлтек ауданында жаңа медициналық орталық ашылды.

Мәулен Елшібаев, қала тұрғыны:

– Өзім сияқты мына пәтер кілтін алушылар. Сіздердің де қоныстарыңыз құтты болсын. Отбасымның атынан шын жүректен алғысымды білдіремін.