Оралда «Өнер барысы-2021» сайысы өтті

Оралда Ата заң мерекесіне орай «Өнер барысы-2021» атты қазақ күресінен облыстық ашық турнир өтті.

Жарыстың ерекшелігі оған тек қалалық және аудандық мәдениет саласының спортқа бейім қызметкерлері қатысты. «Қазақ күресі де бір тарих. Балуандарды халық төбесіне көтеріп құрмет тұтқан. Сондықтан ұлттық спортты насихаттауға біз де үлес қосуды мақсат еттік», – дейді жарысты ұйымдастырушылар. 6 салмақ дәрежесі бойынша өткен жарыста Қазталов және Жаңақала ауданынан келген балуандар екінші және үшінші орындарды бөлісіп, облыс орталығының командасы бірінші орынды иеленді.

Серік Тоқмамбетов, «Өнер барысы-2021» сайысының жеңімпазы:

– Енді күрес десе, атшабыс десе қазақтың делебесі қозып тұрады. Сондықтан өзім бастап шығуды ұйғардым. Қазақтың әр баласы күресу керек деп ойлаймын, күрес ол жанға саулық, жігер береді, жігітті қайрайды, рух береді, қазақтың намысын оятады. Осындай сайыстарды 2 жылда бір ұйымдастырып тұруды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ...