Жамбыл облысында 4 мыңға жуық отбасыға баспана беріледі

Жамбыл облысында 4 мыңға жуық отбасыға баспана беріледі

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 4 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады. Оған қоса бірқатар әлеуметтік және спорт нысандары да пайдалануға беріледі. Өңірде 800-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Таразда өткен «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Жамбыл облысының басты жетістіктері» атты жиында айтылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Жиын жартылай онлайн, жартылай оффлайн форматта өтті. Оған мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері қатысты. Олар қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық пен ел бірлігінің маңыздылығына тоқталды. Ғалымдар егемен ел болғалы бері ғылым, мәдениет, білім, халықаралық қатынас саласында істелген ілкімді жобаларды айтып, тарихқа көз жүгіртті.

Махметғали Сарыбеков, облыстық мәслихат хатшысы:

– 30 жылдың ішінде Құдайға шүкір, ұлттық білім беру жүйесін қалыптастырдық. Тарихымызды, өзіміздің географиямызды, өзіміздің әдебиетімізді, өзіміздің тілімізді, дініміз бен мәдениетімізді толық зерттеуге, тарихымызды ашып алуға ұмытылып кеткен ұлы тұлғаларамызды қайта келтіруге қол жеткізіп отырмыз. Егемендіктің үлкен жетістігі осы деп білемін.

Дәулет Кәрібек, облыс әкімінің орынбасары:

–23 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұрындары біз 4-5 жылда 23 мектеп соғатын болсақ облыста. Қазір Құдайға шүкір бір жылдың ішінде 23 мектептің құрылысын бастап отырмыз. Оның 11-і жыл соңына дейін береміз. +Елдегі атқарылып жатқан игі істер бірінші Тәуелсіздіктің арқасы, екінші Конституцияның арқасы деп білу қажет.

Шара соңында Конституция күніне орай түрлі салада тынымсыз еңбек етіп келе жатқан бірқатар тұлға облыс әкімінің Құрмет грамотасы және арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә