Жүзім жүрегімді жаулап алды...

Петропавл қаласының тұрғыны Владимир Должников бір ғана жүзімнің 20 түрін өсіріп, өнім алып отыр.  Дәмі де бір-біріне ұқсамайды.

Бағбан жемісті осыдан 30 жыл бұрын отырғызған. Содан бері үзбей келеді. «Жүзім өсіру – оңай шаруа емес. Солтүстікте тіпті қиын», – дейді бағбан. Ерте пісетін сұрыптар болса да, ерекше күтім керек. Бірақ жемісі таңдай қақтырады.

Владимир Должников, бағбан:

Жүзімде бәрі бар: жеміс шырыны, өсімдік қанты. Қант диабетімен ауыратын адамдарға өте пайдалы.

Владимир Должников 84-те. Оның кішкентай ғана бағында басқа да жеміс-жидек, көкөністер өседі. Соның ішіндегі төресі – осы жүзім.

Владимир Должников, бағбан:

– Білмеймін, жүзім жүрегімді жаулап алды. Биыл мол өнім жиналайын деп тұр. Мысалы бір ғана «Гибрид Шатилова» сұрпы кемінде 80 келі береді.

Зейнеткер – бұрынғы ұшқыш. Қазір көп уақытын осы жерде өткізеді. Көпқабатты үйде тұрса да, жаз бойы бағында болады. Ал жинаған өнімін туған-туысы мен көшілеріне таратып береді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов