425,73 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әскери бөлімшедегі жарылысты тексеру мақсатында жедел тергеу тобы құрылды

  • 104
  • UPD: 15:10, 31.08.2021
Әскери бөлімшедегі жарылысты тексеру мақсатында жедел тергеу тобы құрылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқиға орнында Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының қызметкерлері, саперлар бригадасы мен кинологтар да іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:

– Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиға орнында саперлар бригадасы бар. Кинологтар да іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнынан 15 әскери қызметші мен құтқарушының денесі табылды.

Еске сала кетейік, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін және оқиғаның салдарын жою үшін 800-ден астам полиция мен ұлттық ұлан сарбаздары, 113 арнайы техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы