Тараздағы жарылыс сәті видеоға түсіп қалған

Жамбылда әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына жазылған жарылыстың видеосы жарияланды.

Видео AIBAT жаңалықтар қызметі instagram-да хабарлады.

Таспада жойқын жарылыс екпіні дәмхана қонақтарын бірнеше метрге ұшырып жібергені бейнеленген.

«Камераға сондай-ақ сауық кешенінің жабық қақпасынан секіріп өтіп қашқан әскери форма киген адамдар түсіп қалған», – делінген.