423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әзербайжанда мейрамхана мен ірі сауда орындарында ковид-паспорт талап етіледі

  • 101
  • UPD: 19:59, 31.08.2021
Әзербайжанда мейрамхана мен ірі сауда орындарында ковид-паспорт талап етіледі

Ертеңнен бастап мейрамханалар мен ірі сауда орындарына кіру үшін ковид-төлқұжат болуы керек. Әзербайжан үкіметі осыны талап етіп отыр. 

Ал мемлекеттік мекемелер, медицина және оқу орындары қызметкерлерінің 80 проценті вакцина салдыруға тиіс. Билік індеттің жаңа толқынынан осылай қорғанбақ.

Әзербайжан билігі әдетте коронавирус жұқтырғандар көбейген кезде локдаун енгізетін. Енді одан бас тартты. Есесіне бірінші қыркүйекке дейін көптеген мекеме қызметкерлері вакцианның бірінші дозасын, ал 1 қазанға қарай екінші дозасын алуы тиіс. Қазір елде күн сайын 4 мың адамнан вирус анықталады.     

Гюльхар Тагиева, емхананың бөлім меңгерушісі:

- Қазір коронавирусқа қарсы күніне кемі 300, алды 600-ге жуық адам екпе алып жатыр. Қыркүйектен бастап кей салаларда вакцина салдырып, төлқұжат алу талабы күшіне енеді. Сондықтан қазір екпе салдырушылар қарасы көбейді. Себебі ковид-төлқұжатсыз қоғамдық орындарға кіруге тыйым салынады.

Сертификат жасы 18-ге толған студенттер үшін де міндетті болады. Үкімет азаматтарда осы құжаттың барын тексеретін мобильді қосымшаны іске қосты.

Эльшад Гаджиев, қала полициясы баспасөз қызметінің басшысы:

- Ковид-төлұжатты қадағалаушы топтар тексереді. Сауда орталықтарына кіреберісте бақылау орнатылып, комиссия ғимараттардың ішінде кенеттен тексерістер жүргізіп тұрады. Егер сауда орталығында осындай төлқұжатсыз жүрген адамдар ұсталса, заңды бұзған тұлға да, нысанның басшылығы да жазаланады.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Әзербайжанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын халықтың 26 проценті салдырған. Ал мамандар халықтың 70 проценті егілген кезде ғана ұжымдық иммунитет қалыптасатынын айтады.

Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы