«Хабар 24» телеарнасының эфирге шыққанына – 9 жыл

Бүгін «Хабар 24» телеарнасының хабар тарата бастағанына – 9 жыл, деп хабарлайды Хабар 24.

Сонау 2012 жылы елдің ақпарат айдынында жаңа форматта жұмыс істейтін медиа құрал пайда болды. Арна атауы әуелгіде «24 KZ» болатын. Жаңалықтар әр жарты сағат сайын эфирге шығып тұрды. Қазір де, ол кезде де басты мүдде өзгерген емес. Шынайы әрі жедел ақпарат жеткізу. Өткен 9 жылда өзгерістер көп болды. Ұжым шеберлігі артып, техникалық жарақталуы заман талабына сәйкестендірілді. Еліміздің әр облысынан бөлек, бірнеше шет мемлекетте тілшілер қосыны ашылды. Бұл да арна жұмысына тың серпін берді. «Хабар 24»-тің қазіргідей беделге ие болуына тілшімен бірге, оператор, режиссер, дыбыс режиссеры, жарық беруші және көлік жүргізушілерінің қосқан үлесі зор. Арнаның әлеуметттік желі және ютуб платформасындағы көрермендері де күннен-күнге көбейіп келеді.