Халық санағы кезінде бірыңғай call-орталық жұмыс істейді: 1446

Халық санағы кезінде бірыңғай call-орталық жұмыс істейді: 1446

Бүгін Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Науқан 30 қазанға дейін жалғасады.

Биыл алғаш рет тұрғындар жайлы деректер екі әдіспен, онлайн және дәстүрлі форматта жиналады. Онлайн санақтан өту үшін қазақстандықтар sanaq.gov.kz сайтында интернет сауалнамадан өтуі тиіс. Виртуалды көмекші өзіңізге және отбасы мүшелеріне санақ парақтарын қалай толтыру керектігін көрсетеді. Электронды қызмет тек 15 қазанға дейін қолжетімді.

Онлайн санақпен қатар, Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері үйлерді аралап дәстүрлі тіркеу жүргізеді.

Халық санағы кезінде 14-46 нөмірі бойынша бірыңғай колл орталық жұмыс істейді.