Қарағандылық ерікті жұмысынан бас тартып, Жамбылға көмекке аттанды

Қарағандылық волонтер, Арыстағы жарылыс кезінде екі ай бойы зардап шеккендерге тегін көмектескен Евгений Хисметов Жамбыл облысына аттанды. Мұнда ол жарылыс салдарынан қираған үйлер мен нысандарды қалпына келтіруге көмектеспек ниетте. Ерікті бұл жолы да кемі 2 ай жүріп жұмыс істеуге бекініп отыр.

Евгений Хисметов Жамбыл облысында жарылыс болды дегенді естіген бетте жұмысына барып, бір ай мерзімге акысыз демалыс беруге өтініш жазған. Артынша өз қаржысына Тараз қаласына дейін баруға билет алыпты. Жолға ең қажетті деген жүгін буып, жақындарымен қоштасып, Жамбыл облысына аттанбақ ниетте.

Евгений Хисметов, волонтер:     

– Менің ойымша көмектескісі келетін адамдар көп. Тек олар жұмысынан, ай-сайын төлеуі тиіс несиесінен босап шыға алмайды. Бұл жағдайлар менің де басымда бар. Бірақ, мен көпке үлгі болғым келеді. Себебі жауапкершілігім арта түсті. Кезінде Арысқа барғанда да осындай сезім болған. Бармасам өз-өзімді қажап бітемін. Сондықтан мүмкін тағы бір 50 күн жүрермін.

Байзақ ауданындағы Қайнар ауылының келбеті қазір адам шошырлық. Бизнес нысандары мен білім ошағы бүлінген. Көптеген жеке меншік үйлердің қабырғалары құлап, адам тұрғысыз күйге жеткен. Шығынның нақты көлемі әлі де белгісіз. Оларды міндетті түрде қалыпқа келтіру керек болады. Міне осы жұмыстарға Евгений сынды еріктілер қажет-ақ.

Евгений Хисметов, волонтер:

– Бірінші болып жергілікті әкімдікке барамын. Кейін волонтерлерді қай жерге орналастырып жатқанын сұраймын. Сосын бірден жұмысқа кірісемін. Құрылысқа болсын, тіпті жарақат алғандарға көмектесу болсын, бәріне дайынмын. Жағдай тұрақталып, жақсарғанша Жамбыл облысында боламын.

Еске салсақ, Евгений Хисметов Қарағанды облысының Ақтас кентінде тұратын қарапайым бапкер. Ол Арыс қаласындағы апат кезінде өз еркімен оқиға орнына барып, 2 айға жуық қызмет еткен. Бұл ісі үшін Хисметов Ел Президенті қолынан «Құрмет» орденін алған.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков