423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғаларынан 47 бала зардап шеккен

  • 123
  • UPD: 18:17, 01.09.2021
Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғаларынан 47 бала зардап шеккен www.pravda.com.ua

Жыл басынан елордада жол-көлік оқиғалары салдарынан кәмелетке толмаған 47 бала зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты полиция қызметкерлері 203 жалпы білім беретін мекеме мен оған іргелес аумақтарда көше жағдайын тексерді. 183 жаяу жүргіншілер өтпесіне жол таңбасын қойды. 87 жол белгісін ауыстырды. Жаяу жүргіншілерге арналған 410 метр жаяу жол салынып, 46 жасанды кедергі орнатылды. Бүгінгі күнге дейін 34 мектеп автобусының техникалық жай-күйі тексерілді. Қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыру мақсатында бас шаһарда «Назар аударыңыз, балалар!» атты жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Бұл шара балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ата-аналар мен жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы