Сотталған азаматтарға рақымшылық жарияланады

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай түзету мекемесінде отырғандарға және пробация есебіндегілерге рақымшылық жарияланады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды. Төменгі палата заң жобасын қарастыруға кіріскен. Тиісті тапсырманы былтыр Президент берген болатын. Рақымшылыққа ілігетіндер тізімі кейінірек белгілі болады. Көбіне қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалады. Оның ішінде әлеуметтік осал топқа кіретін азаматтар бостандыққа шығады дейді депутаттар.