425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Тараздағы жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурордың отбасына мемлекеттік награда тапсырылды

  • 171
  • UPD: 20:09, 01.09.2021
Тараздағы жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурордың отбасына мемлекеттік награда тапсырылды gov.kz

Бүгін Бас прокуратурада Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде қаза тапқан Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Арман Қуанышұлы Қапезовті еске алды.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шараға прокуратура қызметкерінің анасы - Ділда Қапезова, жұбайы - Әсемгүл Қапезова, балалары, жақын туыстары, сондай-ақ прокуратура органдарының ұжымы қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ғизат Нұрдәулетов Ділдә Қапезоваға I дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды, оның ұлын қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін қайтыс болғаннан кейін марапаттаған болатын.

Әскери прокурордың анасына ұлын және нағыз офицерді лайықты тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде, Қапезовтер жанұясы жақындарын жоғары наградамен марапаттағаны үшін Президентке ризашылық білдірді.

Бас Прокурор өз сөзінде Арман Қапезовтің прокуратура жүйесінде 24 жыл жұмыс істеп, жауапкершілігі мол және білікті басшы болғанын, өзінің әскери борышын соңына дейін абыроймен орындағанын атап өтті.

Марқұмның туыстарына арнаған сөзінде Ғ.Нұрдәулетов прокуратура органдары оның отбасын қолдауға қажетті барлық шараларды қабылдайтынын жеткізді.

Ол Арман Қапезовтің ерлік істері болашақ ұрпақ үшін, ең алдымен, прокуратураның жас қызметкерлері үшін әрдайым үлгі болатынын ерекше атап өтті.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

27 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай бойынша шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.

Бұған дейін жарылыста қаза тапқан әскери қызметшілердің аты-жөнін жариялаған болатынбыз.

Қаза тапқан әскерилер мен өрт сөндірушілер, жер қойнына тапсырылды.

Әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Еліміздің барлық мешіттерінде қаза тапқандардың рухына бағышталып құранхатым оқылды.

Хабар 24 телеарнасы