425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Әскери қоймадағы өрт: Қорғаныс министрлігі БАҚ-тағы хабарламаларға ресми түсініктеме берді

  • 172
  • UPD: 23:43, 01.09.2021
Әскери қоймадағы өрт: Қорғаныс министрлігі БАҚ-тағы хабарламаларға ресми түсініктеме берді

Инженерлік оқ-дәрілер қоймасынан өрт шыққан әскери бөлім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіреді.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

2016 жылдан бастап 2021 жылдың мамыр айына дейін әскери бөлімнің командирі Серік Байсақалов болған. Қорғаныс министрінің бұйрығымен подполковник Серік Байсақалов 48 жасқа толғанда Қарулы Күштердің қатарынан запасқа шығарылды. Ал нақты Байсақалов 2021 жылдың 29 шілдесінде бөлімнің тізімінен алынды.

Маусым айында өңірлік қолбасшылықтың комиссиясы бөлімнің штаб бастығы майор Аслан Бақытжановқа командирдің істері мен лауазымын уақытша атқаруды тапсырды. Бұл жөнінде бөлім командирінің 2021 жылғы 21 маусымдағы №109 тиісті бұйрығы бар. Қазіргі кезде құзыретті органдар штаттық бөлім командирін тағайындау мақсатында жасалатын тексеру процедурасы мен кандидатқа арнайы рұқсат беру рәсімін жүргізуде. Өрт басталысымен әскери бөлімнің штаттық өрт сөндіру командасы өрт сөндіруші есептоптар келгенше тез арада оны оқшаулауға кіріскен және Жамбыл облысының ТЖД-ға хабарлаған.

Бұдан әрі Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен бекітілген өрт сөндірудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес өрт сөндіруге келген өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымындағы адам оған тікелей басшылық етеді. Өрт сөндіру басшысы осы міндеттерді орындауға қатысатын жеке құрамды, сондай-ақ өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштерді басқаруға өкілеттілік беріледі.

Ол үшін ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінде елді мекенде болған өрт кезінде қауіпті барлық объектілер туралы мәліметтер болуы тиіс.

Байзақ ауданындағы үйлердің аулаларының бірінен табылған оқ-дәрілердің қалдықтарына қатысты: Қорғаныс министрлігі пайдалануға жарамсыз оқ-дәрілерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық ұйымы – «Қазтехнология» акционерлік қоғамына береді. Содан кейін «Қазтехнология» АҚ оқ-дәрілерді өндірістік кәдеге жарату, олардың құрамындағы жарылыс қаупі бар заттарды алу және оларды жою процесін жүргізеді. Осыдан кейін ғана оқ-дәрілердің сынықтары электрондық gosreestr.kz. сауда алаңы арқылы осыған уәкілеттік берілген «Қазтехнология» АҚ арқылы сатуға шығарылады. Табылған снарядтардың қалыптары мен оқсауыттары – бұл оқ-дәрілерді кәдеге жаратқаннан кейін алынған және электрондық сауда алаңы арқылы жеке кәсіпорынға сатылған металл сынықтары. Олар қоршаған ортаға ешқандай қауіп төндірмейді. Бұл металл сынықтарын «Бақтияр-Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылғы наурыздың соңында Түркістан облысы Арыс қаласындағы «Қазақтехнология» АҚ металл сынықтарының қоймасымен жасалған шартқа сәйкес сатып алған. Арыс қаласынан Жамбыл облысындағы қоймаға артиллерия оқ-дәрілері – снарядтар, зымырандар тасымалданған емес. Арыс қаласынан Жамбыл облысындағы қоймаға бұрынғы өрттен аман қалған инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі ғана жеткізілді. Өйткені бұл қоймада да осындай оқ-дәрілер түрі сақталады.

Бұл қоймада артиллерия оқ-дәрілері сақталмайды.

Хабар 24 телеарнасы