425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда тұрғындар меншік иелері бірлестігін құруға асықпайды

  • 65
  • UPD: 11:49, 02.09.2021

Алматыда меншік иелері бірлестігін құру баяу жүріп жатыр. Бір жылда қаладағы 8 мыңнан астам көп пәтерлі үйдің тек 20 процентінде ғана бірлестіктер құрылған. Тұрғындар бірігудің игілігін әлі де дұрыс түсінбей жатқан сыңайлы, дейді мамандар. Ал жаңа жүйе енгізілген үйлердің жағдайы қандай?

Науаи көшесіндегі 11-үйдің ауласының көркі көз тартады. Есік алдындағы балалар алаңы толық жөнделіп, орындықтар қойылып, сан алуан өсімдік пен гүл егілген. Бір жыл бұрын осы үйдің тұрғындары ауызбіршілік танытып, меншік иелері бірлестігін құрыпты.

Әділхан Берікқараев, қала тұрғыны:

- Осы үйде, дворда 76 жылдан бері тұрамын. Бірінші заселенец менмін, біздің семья. Бұрын бұл двор безхозный жатқан болатұғын. Кейіннен мына акиматтардың көмегімен, мына жерде жастар шықты бірақ инициативный группа. Сөйтіп, көріп отырсыздар мынаның бәрін жасап қариялар, жастар, балалар ойыны өте тамаша. 

Жалпы қаладағы пәтер иелері кооперивтерінің жұмысына қатысты сын көп айтылады. Ай сайын үй күтіміне жиналатын қаржының қай мақсатқа жұмсалып жатқанын ешкім қазбалап жатпайды. Сұрауы болмаған соң коопретивтер де өз ісіне салғырт. Бұл жауапсыздықтан жалыққан 11-үйдің тұрғындары үй күтіміне төленетін тарифті өзгертпей-ақ біраз жұмысты тындырып тастаған. Бірақ бастапқыда бұл басқару жүйесіне күмәнмен қарағандар да болды.

Еркін Сұлтанғазиев, меншік иелері бірлестігінің төрағасы:

- Басында адамда түсінбеушлік болады ғой. Егер құрсақ ертең коммуналдық қарыз болып қалмаймыз ба деген көп сұрақ туындады. Сосын үкіметтің бағдарламасы бойынша барлық түсіндіру жұмыстарын жасап, 12 тамыз 2020 жылы шығып осындай дәрежеге ақырын жетіп жатырмыз. КСК-ның қарамағында болғанда 25 теңге болған. Сол 25 теңгені қалдырдық. Соны халық уақытында төлеп жатыр. 

Бүгінде Алматыда 8600-ден астам көп пәтерлі үй бар. Соның тең жартысына күрделі жөндеу қажет. Бүгінгі таңда қала бойынша 714 меншік иелері бірлестігі және 766 жай серіктестік құрылды. Бұл аз. «Оның себебі көптеген тұрғындар жауапкершілік жүгін өз мойнына алғысы келмейді» дейді мамандар. Әкімдік өкілдері адамдар жаңа жүйеге бейімделгенше ақыл-кеңес беріп тұратындарын айтады.

Жандос Қайырханов, қалалық тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы:

- Осы жаңа нысандарды біз осылай аралап жұмыстарын қарап жатырмыз. Өйткені жақын арада бізде жылыту маусымы басталады. Үйлер қалай дайындалып жатыр. Ол жағын да қадағалап жатырмыз. Жұмыстарына жаңа адамдар келді ғой. Кейбіреулері әлі көп нәрсені түсінбейді. Соған біз кеңес ретінде, консультант ретінде онлайн түрде қызмет көрсетеміз.

Тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес еліміздегі пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін рұқсат берілген. Яғни бір жылдан аз уақыттың ішінде әрбір үй жаңа басқару жүйесіне ауысу керек. ПИК-тен шығып, бірлестік құрған тұрғындар үйдің күтімі мен басқару жүйесін өз қолдарына алуы тиіс. Бұл істе көршілер арасында ауызбірлік болғаны қажет. 

Алмас Садуақас, Кенже Амраев

Хабар 24 телеарнасы