OmaBelle тондар салоны өз тұтынушылары арасында ұтыс ойынын өткізді

Жүлдеге автокөлік пен тұрмыстық техника тігілді. Ойын шарты бойынша қатысушылар соңғы жарты жылда кем дегенде 100 мың теңгеге сауда жасауы тиіс.

Айта кетейік, OmaBelle мұндай ұтыс ойындарын жыл сайын өткізеді. Былтыр үш автокөлік ойнатылған болатын.

OmaBelle дүкені өз тұтынушыларына тек сапалы өнім ұсынады. Мұнда құндыз, бұлғын, түлкі терісінен тігілген тонның сан алуанын табуға болады. Сән үлгісі қайталанбайды. Дені эксклюзив. Тондар салоны сапалы қызмет көрсетумен қатар өз сатып алушыларының арасында ұтыс ойынын өткізуді дәстүрге айналдырған.  

Айдана Омарова, OMABELLE брендінің акционері және дизайнері:

- OmaBelle тондар және басқа да заттарды сатып алған алушыларға әрбір 100 мың теңгеге бір билет беріледі. Мысалы, 300 мыңға немесе 500 мыңға зат алса, 3 немесе 5 билет беріледі. Жыл бойы сатып алып өздерінің билеттерін барабанға салып, бұл жолы Қазақстан бойынша ойнатылады.

Ұтыстың шарты қарапайым. Қолында зат сатып алғанын дәлелдейтін билеті бар тұтынушы тон салоны туралы бейнетүсірілім жасап, #omabelle хэштегімен әлеуметтік желіге орналастыру керек. Сондай-ақ аккаунтқа жазылып, ұсыныстарын  білдіре алады.

Нұржан Құлшынбаев, театр артисі:

- Сапалы өнім болғаннан кейін бұл компанияда алдап арбау деген жоқ. Бәрі адал түрде өткізіледі. Оған менің көзім жеткен. Өзім де өткіздім. Қаншама адамдардың мүлдем қатысы жоқ бірақ осы OmaBellе қатысып жеңіп алғандар болды.

Бұл жолы бас жүлдені номері белгіленген билет иесі жеңіп алды. Ол Тараз қаласының тұрғыны болып шықты. Ойынды ұйымдастырушылар оған автокөлікті түгелдей рәсімдеп береді. Ал тұрмыстық техникаға ие болғандар ұтыстарын бір апта ішінде алып кете алады. 

Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Джакупов