Жамбыл облысындағы жарылыс болған қоймада Арыстан қалған оқдәрі болмаған

Жамбылдағы жарылыс болған қоймада Арыстан қалған артиллериялық оқдәрі. Тек инженерлік оқдәрінің бір бөлігі ғана болған.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқдәрі қоймасы өртенген әскери бөлім «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарайды. Оны Серік Байсақалов басқарып келген. Алайда министрлік бұйрығымен Байсақалов жасының жетуіне байланысты мамыр айында Қарулы күштер қатарынан кеткен. Оның орнына маусым айында командир болып штаб бастығы Аслан Бахытжанов уақытша тағайындалады. Әскери бөлімнің қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенше алапат отты ауыздықтауға тырысты, деп мәлімдеді ведомство.