Компанияны дамытпаған басшылар жауапқа тартылады

Квазимемлекеттік сектордағы бірінші басшылардың жауапкершілігі күшейеді. Енді олар компанияның әр шығыны мен даму жоспарын орындамағаны үшін жауапқа тартылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Сондай-ақ министрлік Жекешелендіру бойынша кешенді жоспардың іске асуын қатаң бақылауда ұстайды. Оған сәйкес, биыл нысандардың 50 проценті, келер жылы жиырма, 2023-2024 жылдары он проценті сатылуы тиіс. Ал әкімдіктер мен ұлттық басқарушы холдингтердің қызметін бағалауда дәл осы жекешелендіру жоспарын қаншалықты орындағаны ескеріледі.

Айта кетейік, Президент Жолдауда квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттырып, шығынға батып жатқан компаниялардың бірінші басшыларына шара қолдануды тапсырған болатын.